26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Діни мәтіндегі үкімдерді қолдануда ескеретін мәселелер

 Дін барлық адамзатты жақсылыққа, игілікке, адамгершілікке бағыттаушы, барша адамзатқа ортақ құндылықты қалыптастырушы жүйе. Адамзатқа Алла Тағала тарапынан төрт кітап түскен. Ардақты Алла Елшісі жеткізген хадис шәріптерде жүз жиырма төрт мың пайғамбар келген десе, екінші бір деректерде екі жүз жиырма төрт мың пайғамбар келген делінеді. Ал қасиетті кітап Құран Кәрімде жиырма сегіз пайғамбардың аты аталады. Соңғысы әрине ислам дінінің пайғамбары Хатәмул Әнбия атанған Мұхаммед пайғамбар (с.а.с). Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с) жүктелген міндет қырық жасында келіп, жиырма үш жылға жалғасты.Алпыс үш жасқа келіп қайтыс болуымен өзіне берілген міндетті тәмамдады. Дүниеден өтерінде имамдыққа өзіне алғаш болып иман келтірген досы Әзіреті Әбу Бәкірдішығарды және көптеген сахабалардың ортақ келісімге келуімен Әбу Бәкір халифалық орынға отырды. Одан кейінгі халифалар ортақ шешімге келуімен араларында білім мен ғылымда, ел басқаруда көрегенділік көрсете білетін қабілеттеріне қарай халифалық билікке келді.Бірақ Осман ибн Аффанның халифалық дәуірінің соңы мен Әзіреті Әлидің халифалық дәуірінің басы тартысқа толы жылдармен өтті. Жік-жікке бөлінген топтар мен мұсылман әскерлерінің бір-біріне қылыш сілтеп, қан төгуге дейін барғаны тарихи шындық. Осындай оқиғалар мұсылман үмбеті үшін күнімізге дейін жалғасқан қиын кезеңдердің басталуына себеп болды.
Пайғамбар (с.а.с) заманында сахабалар арасында қандай да бір түсінбестік болса Алла Елшісінен сұрау арқылы көңіліне келген кірбіңнен арылатын. Кейіннен пайда болған топтар діни мәтіндерде келген үкімдерді өз түсінігінше қабылдап бүліктің басталуына себеп болды. Осы турасында Әбу Убайд Ибраһим әт-Тәймидің былай деп айтқандығын жеткізеді. Бір күні Омар күні бойы ойланып жүреді. Мәжіліске келіп: Пайғамбары бір, құбыласы бір бұл үммет қалайша алауыздыққа түспек? Деп ойын айтады. Абдулла ибн Аббас: Уа мүміндердің әміршісі! Құран біздің кезімізде түсті. Біз оны лайықты түрде оқыдық. Сондай-ақ біз Құран аяттарының не үшін түскендігін білеміз. Ақиқаты сол, бізден кейін жаңа ұрпақ келеді. Олар да біз секілді Құранды оқиды. Алайда олар Құран аяттарының не үшін түскендігін білмейді. Міне осындай сәттерде олар Құран аяттары туралы өз пікірлерін ортаға салады. Ой туса, қайшылықта туады емеспе? Қайшылық туса, бір-бірімен соғысатындай дәрежеге жетпей ме? дейді. Сонда Омар (р.а) Абдулла ибн Аббасқа бұрылып жекіп тастайды. Кейіннен айтқан сөздерін ой елегінен өткізіп Абдулла ибн Аббасты қайта шақыртып жаңа айтқан сөздерін қайта айтуын сұрап оның айтқан уәжінің орынды екенін біледі.
Жоғарыда айтылған діни мәтіндерде келген үкім аяттарын дұрыс түсінбегендіктен алтыбақан алауыздыққа салынып, менің жолым дұрыс сеніңкі дұрыс емес деген түсінікті ұстанушы мұсылмандар біздің еліміздің аумағында да бар. Ханафи мазһабын мойындайды бірақ, намаз оқымағанды кәпір деп, Жаратушыны аспанда деу қазіргі кезде елімізде сәләфилік жолды ұстанушы мұсылмандар арасында белең алып тұрған құбылыс. Енді осы жоғарыда келтірген мысалдарды жеке-жеке талдап көрелік.
Алла Елшісінің «кәпір мен мүміннің арасындағы перде - намаз» деген хадисін дәлел етіп, өзге мұсылмандарды күпірлікпен айыптау қоғамда кездесіп жатқан құбылыс. Бірақ расымен де намаз оқымаған адам кәпірме? осыны қарастырып көрсек. Құран Кәрімнің көптеген аятында «намаз оқыңдар және зекет беріңдер» деп келеді. Осыған байланысты барлық ислам ғалымдары бірауыздан күніге бес уақыт намаздың парыз екендігін алға тартады. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с) нан жеткен хадис шәріптерде намаздың ұлы ғибадат екені және намаздың күнәлардан тазартатыны жайында айтылады. Дегенмен жоғарыда айтылған хадис шәріптер мен Құран Кәрім аяттарын екіге бөліп қарастырамыз. Егер де кімде-кім намаздың парыздығын біле тұра мойындамаса, діннен шығады. Өйткені намаз айқын аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Ал жалқаулық, немқұрайлық себебімен намазды тастаған жан күнәһар болады. Бірақ кәпір емес. Ал Әбу Ханифа мазһабы бойынша, жалқаулық жасап, намазды тастаған адам намаздың парыздығын теріске шығармайынша, діннен шықпайды. Бірақ күнәһар болады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде-кім бауырына: «Ей, Кәпір!» десе, егер ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады» деп ескертеді және тағы бір хадисінде «Кімде-кім кәлима шаһаданы шын жүрегімен айтса ол мұсылман» деген екен. Алла Тағаланы аспанда деушілердің дәлел ретінде ұстанып жүрген күң хадисін талдап көрелік. Біріншіден бұл хадис жеті түрлі жолмен жеткен. Екіншіден көптеген ислам ғұламалары тарапынан бұл хадис шәз, дағиф және мұдтариб деп қарастырылған. Өйткені бұл хадистің мағынасы пайғамбарымыз (с.а.с) нан жеткен мутауатир жолмен жеткен хадис шәріптерге қарама-қайшы келеді. Ал мутауатир хадис ақида ілімінде қолданылатын негізгі дәлел жолдары. Ал шәз хадис дегеніміз – сенімді рауидің өзінен сенімдірек рауиге қарамақайшы жеткізген хадисі. Ал қайшылық мәтінде орын алғаны секілді, тізбекте де кездеседі. Ал мұндай шәз хадис ақида ілімінде дәлелге алынбайтындығын ислам ғалымдары жеткізген. Дағиф хадис болса – қабылданған хадис шарттарының бірі яки бірнешеуі қамтылмаған хадис. Әлсіз хадистің үкімі – Алла Тағаланың есім сипаттарына қатысты риуаят етуге рұқсат етілмеген. Осы күң хадисі туралы бір риуаят жолын жаза кетсем. Муслимнің жинағында Муғауия ибн әл Хакам әс-Сулламиден: «Қойларымды Ұхұд пен әл-Жаууания таулары арасында жаятын бір күңім бар еді. Бір күні қойларымның біреуін қасқырдың сүйреп жатқанын байқадым. Мен де адам баласымын ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі күңімді бір қойдым. Содан соң Пайғамбарымыздың (с.а.с) жанына келдім. Болған оқиғаны айтып бергенімде, ол маған бұл істің үлкен күнә екенін айтты.
Мен : Уа Алланың Елшісі! Күңімді азат етейінбе?», - дедім.
Ол маған: «Күңіңді алып келші», деді. Сөйтіп күңімді пайғамбарымызға алып бардым. Пайғамбарымыз (с.а.с) оған: «Алла қайда?»,-деп еді, ол: «Аспанда», - деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Мен кіммін?,- деді. Ол: «Сіз Алланың Елшісісіз», деп жауап қатты. Осы хадистің жеті түрлі тізбекпен мәтіндері ауысып келген.Тіпті бір тізбекте күңнің мылқау екені де айтылған. Ал ең маңыздысы Пайғамбарымыз (с.а.с) өзі танымайтын адамның мұсылман немесе мұсылман емес екенін білгісі келсе «Алла қайда?» деп емес «Раббың кім?» деп сұрар еді.
Қорыта келе айтпақ болғанымыз дін ғылымы өте үлкен сала. Халқымызда «дүмше молда дін бұзар» деген нақыл сөз бар. А. Байтұрсынұлы атамыз айтқандай аққу, шортан, һәм шаян секілді біріміз ойға, біріміз қырға қарай тартқылай берсек дін исламның қадір-қасиетін қашырамыз. Сондықтан бір басшы, имам қалай шешім шығарса сол жолды таңдайық. Ол жол әрине, Имам Әбу Ханифа мен Имам Әбу Мансұр әл-Матуриди жолы.

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ж. Жорабек, 2022-01-21, 23:07 277
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.