26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
МӘМС ЖҮЙЕСІ ҮШІН ТӨЛЕМДЕ ӨЗГЕРІС БАР

2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Сақтандыру мәртебесін алу үшін алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады. 

Қор жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік кіріс басқармаларымен, «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

-Елімізде медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы іске қосылған  МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті. Айта кетерлігі, бұрын сақтандыру мәртебесін және МӘМС тізбесінен медициналық көмекті алу үшін пациенттің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және мәртебесін жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды үзбей төлеуі міндеттелген еді. Жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуді қаламайды. Осыған байланысты МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға болады. ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына шілде айында толықтырулар мен өзгерістер бекітілді. Ол қыркүйек айының басында күшіне енеді. Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады. Берешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады. Биылғы жылы дербес төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің 5%-ы көлемінде   3 000 теңге жарна төлейді – деді, филиал директоры. 

Жалпы, МӘМС жүйесіне қатысуға қатысты ақпаратты  науқас  тіркелген   емханасындағы пациенттерді қолдау қызметінен, Қордың fms.kz  ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot және egov.kz  порталынан  жеке  кабинетке кіріп білуге болады.

«РОЗАКУЛ АТА» медицина орталығы. Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 2022-08-09, 02:54 1212
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.