26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Кітап патшалығы шақырады

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыру мақсатында кітапханада «Жазғы оқу» бағдарламасы жұмыс істейді.

Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

Кітапхана – жазғы демалыс уақытында аудан бүлдіршіндері үшін оқитын орталық қана емес, сонымен қатар, шығармашыл топтардың демалыс және басқосу орны болып отыр. Жүргізіліп отырған барлық жұмыс оқырмандарды таныту және дамытуға бағытталған. «Балалар кино залы» қашанда қызыққа толы. Бұл жерде кішкентай оқырмандармен дамытушы әдеби ойындар, конкурстар, викториналар, рольге бөліп оқулар ұйымдастырылады. Ал ойындарда кішкентай білімді бүлдіршіндерді жеңіске жетуге жетелейтін қызықты энциклопедиялар, трансформер-кітапшалар және түрлі бағдарламалар, фильмдер көрсететін  телевизор бар. 

Кітапхана балаларға өмірде сенімді дос, мейірімді жолдас табуға үлкен септігін тигізеді. Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңгі болашағы, ұлттың жалғасы. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты, тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге», деп Абай айтқандай, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі.

Құрметті ата-аналар! Сайрам аудандық балалар кітапханасы балаларыңызды оқуға, ойнауға және шығармашылыққа толы қызықты шытырман оқиғаны бізбен бірге қызықтауға шақырады. Кітапханада жаз бойы жас бүлдіршіндер үшін танымды сабақтар мен байқаулар, көңілді ойындар, зейінді болу жаттығулары мен қызықты шеберлік сағаттар өткізіледі. Бізбен бірге дамып, жаңа белестерді ашыңыз, балақай!                                                                            

 

Жанар НАРБОТАЕВА, Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі, 2023-07-12, 01:33 3496
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.