26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

Шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК қаражаты есебінен берілетін болады.

Шетелдіктер, ТМД елдерінің азаматтары кенеттен болған жағдайлар мен олардың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайлар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмек ала алады.   

Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төнген және оны тасымалдау мүмкін болған сәттен бастап медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі. Бұл жағдайда қаржыландыру ТМККК қаражаты есебінен болады. 2000 жылғы 29 ақпандағы N320 ҚРҮҚ бекіткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келісім медициналық көмек алуға негіз болады.

 Бірге тұратын, ЕАЭО елдерінің бірінің (Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстан) азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылар және олардың отбасының жақын мүшелері (жұбайы, балалары) алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден басқа МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болған кезде медициналық көмекті пайдалана алады.

МӘМС медициналық көмегін алу үшін шетелдіктерге алғашқы медициналық-санитариялық көмекке ерікті медициналық сақтандыру шарты қажет екенін білу маңызды. Келісім-шартқа ие бола отырып, мұндай шетелдіктер емханаға тіркеле алады.

Егер еңбек мигрантының отбасы мүшелері жұмысқа орналаспаса, онда олар дербес төлеушілер ретінде МӘМС-ке жарналар төлеуі тиіс. Балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, мүгедектер, студенттер жеңілдік санатына кіріп, мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін. Бұған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негіз болады.

Бұл жағдайда медициналық көмек МӘМС, ЕМС қаражаты немесе шетелдіктердің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер медициналық көмекті ҚР азаматтарымен тең алады, бұл дегеніміз- ТМККК және МӘМС көлемінде ала алады (сақтандырылу мәртебесі болған кезде).     

Шетел азаматтарының бұл санаты жеңілдікке енуі мүмкін. Негіздеме-Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс (83-бап). Қаржыландыру ТМККК және МӘМС есебінен жүзеге асырылады.

"АҚМАРАЛ" медицина орталығы. Бекпулатов Сайдакбар Мухаматаминұлы. Салауатты өмір салты маманы., 2023-12-14, 21:01 1703
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.