26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік

Бүгін «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында, Сайрам аудандық Полиция басқармасымен «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» атты тақырыбында бірлескен акциясы өткізілді. 

ІІМ-нің Операциялық жоспарына сәйкес, сондай-ақ әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, жыл сайын акция өткізілуде. Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні бүгінгі таңда аталып келеді. Басты мақсат, қабылдауға келген азаматтарды құқықтық көмек пен заңгерлік кеңестер беру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел -ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру болып табылады. Сайрам аудандық Полиция басқармасының аға лейтенанты, учаскелік Полиция инспекторы Азиз Убайдуллаевтың 2023 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Келген азаматтар мен азаматшаларға заң аясында кеңестер беріліп және құқықтық көмектер көрсетілді. Ақция Республикамызда ағымдағы жылдың 25 қарашадан басталып, 10 желтоқсан айына дейін жалғасатын болады. Арнайы қоғамдық қабылдау мен акцияға қатысқандар, «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлы және «Жастар Рухы» мүшелері, аудандық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Асанали Керимов, Қадырбек Қуатбеков, Бабур Қорғанов, Мухиддин Сиддиқов және Нұржан Абдиқадиров, «Ақсукент» БПҰ төрағасы Берік Құдайбергенов, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары Нұржан Тұрар, Асылхан Тасполатов, «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев, Таулы қарабах ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы Бақтияр Батаев, ГАЭК, ОҚИИК, АГТК колледждердің студенттері, белсенді жастар мен еріктілері, аудандық ЖҚ және ӘББ-нің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі меңгерушісі-заңгері Ғалым Медеуов, Сайрам аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Полиция полковнигі Руслан Ендибаев, Полиция полковнигі Бауыржан Есенов, Полиция майорлары Булеген Тулегенов, Гүлмира Құрбанова, Саяра Сайдалиева, Камила Сулейменова, Шермухаммад Сайипов, Полиция подполковнигі Ғайрат Миркаримов, Полиция лейтенанты Шерзад Мирзаметов, Полиция капитандары Қанат Керимбеков, Ерлан Али, Сабина Беркинбаева, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын соңында пікірлер алмасып, алдағы уақытта бірлескен отырыстар өз жалғасын табатын болады.

«АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы, 2023-12-08, 00:35 590
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.