26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Балалар әдебиеті – рухани қазына

Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, кітапханада, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағана жатыр. Болaшaқ ұрпағымызды рухты, білімді әрі жан-жақты етіп тәрбиелеу жолында кітапхананың да атқаратын қызметі өте зор.

Ұлттық тәрбиенің басты құралы – ұлттық әдебиет пен дәстүрлік тағылымдар. Халқымыздың рухани биіктігінің бір куәсі – ұлттық қазынаға айналған бай фольклоры. Сан ғасырдың сыр-сипатын бойына сіңірген эстетикалық көркемдігі келісті шығармалар – халықтың мәдени-рухани өмірінде ерекше орын алатын асыл мұра.

Ата-әженің құлақ құрышын қандыратын ертегілері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ұлағатты ұстаздардың орнын алмастырды. Тұтас бір ертегіні тыңдап, түнде тәтті ұйқыға кеткен бала таңертең бірден есейіп кеткендей, өзін шаңырақтың иесіндей, елдің санасындай, жердің жанқияр қорғаушысындай күй кешетіндей болуы керек. Осы қағидатты негізге ала отырып, сонымен қатар, бүлдіршінді кішкентайынан кітаппен достастыру мақсатында «Кел, ертегі тыңдайық!» жобасын қолға алдық. Оның аясында ауданымыздағы бірқатар балабақшаларға барып,  тәрбиешілерімен бірлесе баланың ой-өрісін, тілдік қорын дамытатын жаттығулар жасаттық. 

Балалар жылында қолға алынған «Ұлы Дала қиссалары», «Бала TIMES» жобаларын ауданымыздағы ауылдық кітапханалармен бірлесе атқардық. Олардың басты мақсаты-ауданның өнерлі, талантты жастарын  көпшілікке таныту, ерекше қабілеті бар балаларды дамыту, оларға қолдау көрсету, халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқырмандар бойына сіңіру. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. 

Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылдық клубта «Ұлы дала қиссалары»  жобасының қорытындысы бойынша байқау өткізілді. 

Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың жырды оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына назар аударылды.

«Кітап әлемінен алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт. Жас өскінді кітапқа тебіреніспен қарайтындай етіп, тәлімдеп тәрбиелеуге қол жеткізе алмасақ, бәрі бекер» деп оңтүстіктің қарымды қаламгері Мархаббат Байғұт айтқандай, тек кітап оқитын елдің ғана келешегі жарқын! Бүгінгінің кішісі, ертеңгінің кісісі, бала – ең үлкен капитал. 

 

Жанар НАРБОТАЕВА, Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі., 2023-01-23, 21:46 2039
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.