26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Қайталанбайтын талант иесі

Балалар жазушысы Марат Қабанбайдың туғанына 75  жыл

- Менің Шығыс Қазақстан жерін басып өтетін Қара Ертістің сол жақ жағалауын жайған Зайсан ауданының Қараүңгір атты ауылында 1948 жылы дүниеге келіппін. Көзімді тырнап ашқалы көргенім көгілді таулар, қара орман. Қол созып теріп жегенім: қызылқат, көкбояу, тошала, бүлдірген, сарымсақ... Тоғыз жасыма дейін Сүлеймен, Ержан сияқты нағашы аталарымның бауырында өстім. Ол кісілер қолынан домбыра түспейтін, ән-күй қиссаға шебер еді, той-томалақ, жиын атаулы екеуінсіз өтпейтін. Топырағы торқа болғыр қос анам мені – қалқан құлақ сары немересін қасынан қалдырмайды, артына мінгестіріп ала кетеді. Көзімді табақтағы бастың бүрісіп піскен құлағынан айырмасам, құлағым бебеулеген ән мен күйде, кештен таңға дейін созылатын қиссада...

Ел мен жердің, оның абзал адамдарының ыстық құшағы көкірегіме әлденені екті ме, 8-9 класта ептеп өлең жаза бастадым. Ара-тұра әліме қарамай, әңгімеге қол созамын. Көбі – алғашқы сезім. «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттеріне шикілі-пісілі «туындыларымды» құрдас-құрбыларыма көрсетпей әдемілеп көшіріп бере қоямын. Түк білмегендей тымпиып жүріп, жауап күтемін.

... Тамшы тасты да теседі, ақыры, еңбегім жанып, мектеп бітірген 1966 жылы «Жұлдыз» журналының жастар творчестествосына арналған август санында «Сөну» атты әңгімем жарияланды. Бұл кезде мен де құр жатпай, жақыннан дорбалап дегендей, аудандық, облыстық газетке бірде-екілі өлеңімді жариялап, ауыл-үй арасында «бала ақын» аталып қалған жағдайым бар-ды. «Не болыпты, прозамды ұнатқан «Жұлдыз» поэзияма да кет әрі емес шығар...» деген дәмемен бүкіл өлеңдерімді қаттап-бүктеп, редакцияға салып жібердім.

Көп ұзамай жауап та келді. «Қабанбаев жолдас! «Сөну» - жақсы әңгіме. Бірақ, бұл сізден ақын шығады деген сөз емес. Қаламыңызды қадірлей біліңіз!» - деген төрт сөйлемі төбеден төрт түйген ашулы хат... Бұлдыраған көзіммен ақ қағаздың аяқ жағына қарасам, «Мұқағали Мақатаев» деп қол қойыпты. Мақаңды сол кезде-ақ өлеңқұмар жастар жақсы көретін, амал жоқ, шіліңгір ыстықта темір пешті жағып, «өлең, баллада, дастандарымды» отқа тастадым.

Ақындығым осымен аяқталды да, бейнет-михнаты мол, жеті өлшеп бір кесетін прозашылық басталды. Әдебиеттің басқа саласын қайдам, проза жерден табаны айрылса, халі кететін Ахиллес секілді туған топырағына адал жанр. Ал балаларға арнап жазылған дүниелер аса нәзік, шындыққа аса тілемсек, кінәмсіз болып келеді.

... Балаларға арналған азды-көпті шығармаларды жаза отырып түйгенім мынау: Өмірдің өзі біз үшін – алтын көмбе, асыл қазына. Повесть, әңгімеге өзек болар сюжетті алыстан арбалап тасымай-ақ, төңірекке  пысық көзбен қарап, ыстық көңілмен үңіліп, ең аяғы өз бала-шағаннан бастап, іні-қарындастарынның сүйкімді қылығы мен қызық ойындарынан ой қорыта білсең, жерде қалмайсың. Саусақтан сорып, оқиғаны ойдан шығарсан, жалғандық жақын. Ондай қиыннан қиыстырған нәрсені өзге түгіл, өзіннің балаларың да оқымайды» - деп жазған еді. (Марат Қабанбаев, Туған өлке өрнегі») Марат Қабанбаев өкініштісі, өмірден ерте өтіп, армандары орындалмады.

Қысқаша өмірбаяны: ҚазМУ-дың журналистика факультетін 1975 жылы бітірген. 1966-1968 жылдары аудандық «Достық» газетінде әдеби қызметкер, 1987-1994 шығармашылық жұмыста, 1995-1997 жж. «Ана тілі» газетінің редакторының орынбасары, 1999 жылдан өмірінің соңына дейін «СолДат» газетінің бас редакторы болды. 

Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір-тіршілігі, идеясы, адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984), «Қазақ, қайда барасың?» (1995), «Сурет салғым келмейді» (1995) атты повестер мен әңгімелер топтамалары, «Көркем дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді. Жекелеген шығармалары украин, молдаван, латыш, неміс тілдерінде жарық көрген. М. Әуезов, Халықаралық Х.К. Андерсен, және «Жалын» бәйгелерінің иегері.

Хабарландыру!

Құрметті аудан тұрғындары, кітапсүйер қауым! Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасы балалар жазушысы, ақын, публицист  Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орай «Қара сөздің Қабанбайы» атты шығармашылық байқау өткізеді. Байқау Марат Қабанбайдың өмірі мен шығармашылығына арналады.

Байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқау ұйымдастырушысы: Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасы

Қосымша мәліметтер:

Байқау 2023 жылдың 17 наурызында сағат 11.00-де Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасының оқу залында өтеді.

Байланыс телефондары: 21-842, 8-707-993-78-83. 8-707-262-10-58

Амантай Амина, Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы, 2023-03-16, 04:29 5154
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.