26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Ашық аспан астындағы кітапхана

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тарих пен мәдениеттің өзекті торабы, өнер мен руханияттың алтын арқауы, кезінде Дала парламенті атанған Мәртөбе биігі арқылы төрткүл дүниеге танылған Құл Қожа Ахмет Яссауи топырағы киелі Сайрам баршаға белгілі. 1928 жылы Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен Сайрам ауданы құрылды. Аудан бастапқыда «Манкент-Сайрам» деп аталып, кейіннен Манкент атауы берілді. 1930 жылы аудан ресми түрде Сайрам деп аталды. 1934 жылы аудан орталығы бүгінгі Ақсукентке ауысты.

2023 ЖЫЛ – САЙРАМ АУДАНЫНА 95 ЖЫЛ!

Сайрам ауданына 95 жыл толуына орай, Сайрам АОКЖ КММ-ның ұйымдастыруымен Ақсукент орталығы «Абылайхан» алаңында «Ашық аспан астындағы кітапхана» атты іс-шара өткізілді. Мәдени шараны ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, колледж студенттері мен кітапханашылар, аудан тұрғындары мерекелік іс-шараны тамашалады. Алғы сөзді Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев ашты. Сайрам ауданына 95 жыл толуына орай, кітапхана оқырмандары жырдан шашу шашып, мәдениет үйінің қызметкерлері Жазылбек Серікбаев, Жәнібек Жүсіпбеков, Ақсәуле Нұртаева ән шырқады. Кітапхана қызметкерлері Ардақ Әжімұқан, Нұрбала Андакулова, Саодат Пазлиева «Кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты», «Жаңа кітап – жаңа әлем», «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыптарында ұйымдастырылған кітап көрмелерін көрермендерге таныстырды. Балалар кітапханасының оқырманы Кәфия Утеген «Қызыл телпек» кейіпкерін сомдап, сұрақ-жауап сәтін өткізіп көрермендерді қызықтырды. 

Кештің екінші бөлімі кітапханашы, ақын Роза Сандыбайқызы Әбдіжаппарованың «Күзгі әуен» атты кітабының таныстырылымымен жалғасты. Жүргізуші Назым Қантаева Роза Әбдіжаппарованың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, аудан төрінде өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Кеш соңында ауданымыздың зиялы қауым өкілдері аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ілес Айтжан, Сайрам, Қазығұрт аудандарының «Құрметті азаматы», ҚР мәдениет қайраткері - Сейдуалы Темірбаев, ақын-жазушы Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» - Әбдірахым Пратов, ақын-жазушы, тарихшы, Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» Ибрагим Хуккиев, ҚР Журналистер Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудандық «Мәртөбе» газеті редакторы Нұрғиса Төремұратов ақын, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Зияда Исатайқызы, ақын Тәнімгүл Шонтыковаға сөз беріліп, құттықтауларын жыр шашумен жеткізді. Жүргізуші Нұрлан Қылышбеков кешті аудан тұрғындары мен қонақтарға алғысын білдіріп аяқтады.

Ляззат НСАНОВА, Сайрам АОКЖ КММның кітапхананы дамыту және ақпараттық- библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, 2023-04-11, 20:32 1573
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.