26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
ҚОР САРАПШЫЛАРЫМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ КЕЗІНДЕ 52 МЫҢНАН АСТАМ «ҚОСЫП ЖАЗУ» АНЫҚТАЛДЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) және МӘМС шеңберінде жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Осылайша, 2022 жылға арналған мониторинг нәтижелері бойынша Қор сарапшылары 3 миллионнан астам ақауларды анықтады. Оның ішінде 403,3 млн тенгеге 52 621 қосып жазу орын алды.

Салыстыра айтатын болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,9 млн. болған.

Қосып жазулардың ең көп саны Астана қаласында (26 789 немесе 50,9%), Ақмола (5 774 немесе 11%) және Қызылорда (5 076 немесе 9,6%) облыстарында анықталды.

Медициналық көмек түрлері бойынша қосып жазудың ең көп саны КЖН-нен тыс консультациялық-диагностикалық қызметтерге (52 621 немесе 99%), қалған 508 жағдай амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек түріндегі мамандандырылған медициналық көмек (тәулік бойы стационар), стационарды алмастыратын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту сияқты көмек түрлеріне тиесілі.

КЖН-нен тыс КДҚ бойынша қосып жазулар 297 медициналық ұйымда анықталды, оның ішінде мемлекеттік-180 (60,6%), жеке-117 (39,4%).

«Құқық бұзушылардың» барлық денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты айыппұл санкциялары қолданылды.

Шарттық қатынастардың маңызды бөлігі медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы бойынша міндеттемелері болып табылады және Қор олардың орындалуын талап етуге құқылы.

Сондай-ақ, Қор жеткізушілерінің ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсететін медициналық қызметтеріне ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған, факті бойынша көрсетілген қызметтерге ғана ақы төленеді.

Акрамова Раъно Шодикаримовна, «Розақұл ата» медицина орталығы, 2023-04-14, 22:50 1055
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.