26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Екі немесе одан да көп жерде жұмыс жасаса МӘМС үшін қалай төлейді?

Егер қызметкер екі және одан да көп ұйымда жұмыс жасаса, онда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс жеке тұлға табысының барлық түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

2024 жылы төлемдерді есептеу үшін шекті табыс 10 ЕТЖ немесе 850 000 теңгені құрайды. 

Осылайша, әрбір жұмыс берушіден айына МӘМС үшін аударымдар  25 500 теңгеден (850 000 теңгенің 3%) аспауға тиіс. Ал қызметкердің жарналарын есептеу кезінде барлық жұмыс орындарынан түскен ортақ табысы ескеріледі, яғни бір айдағы жарналар жалпы алғанда 17 000 теңгеден (850 000 теңгенің 2%) аспауы тиіс.

Дұрыс есептеу үшін қызметкер екінші жұмыс орнына бірінші жұмыс орнынан төленген төлемдер туралы анықтама беруі керек.

Мысалы, А ұйымында қызметкер 550 000 теңге, Б ұйымында – 400 000 теңге алады. Оның ортақ табысы 950 000 теңгені құрайды, яғни шекті салық салынатын табыстан жоғары. 

Бұл жағдайда бірінші жұмыс беруші 11 мың теңге мөлшерінде жарналарды ұстайды, аударымдар – 16 500 теңге мөлшерінде болады. 

Екінші жұмыстағы оның жарналары 6 000 теңгені құрайды т(жарнаның ең жоғары мөлшері 17 000 теңге, өндірілген жарнаны шегергенде 11 000 теңге). Аударымдардың мөлшері 18 000 теңгені құрайды (аударымдарды есептеу үшін кіріс қосылмайды).

Сондай-ақ, азамат жалдамалы жұмысшы болып табылатын және жалақыдан қажетті төлемдер жасайтын, бірақ жеке бизнесі бар және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайлар бар. Мұндай жағдайларда ол негізгі жұмыс орнынан төленетін төлемдерден басқа, Салық кодексі талап еткендей, жеке кәсіпкер ретінде жарналар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуі керек.

''MegaMed'' медицина орталығы, 2024-01-16, 20:34 1353
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.