26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Абай - дана, Абай - дара

Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің 2022 жыл 26 қарашадағы 272-санды баяндамасына негіздеп, Өзбекстанда Абай Құнанбаев мұрасы күндеріне арналған «Абай Құнанбаев шығармашылық мұрасының өзбек-қазақ халықтары достығының нығайтудағы орны» тақырыбында Үшқұдық ауданы «Алтынтау» ауыл азаматтар жиынында әдеби шара болып өтті.

1-санды мектеп алдында Абай Құнанбаевтың ескерткішіне Үшқұдық ауданы әкімі және де мекеме өкілдері тарапынан гүл шоқтары қойылып, кештің екінші бөлімі ауылдың мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Адамның өмірін көркейтетін, мән-мағынасын арттыратын, жақсы күнінде қуанышына қуаныш, шаттығына шаттық қосатын, жаман күнінде асқар тау бола алатын ғажайып – бұл достық.

2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы, 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы деп аталуы біздің ортақ тарихымыз бен ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан бай мәдени мұрасымен дәлелденген халықтарымыз арасындағы бауырластық байланыстардың жарқын көрінісі.

Ұлы ағартушы ақын-ойшыл, халықтар достығының жалынды жыршысы Абай Құнанбаевтың ардақты есімі мен бай шығармашылық мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі халықтарының, соның ішінде өзбек халқының да жүрегінде сақталып келеді.

Шарада қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармаларынан мектеп оқушылары үзінділер оқыды, соның ішінде «Үшқұдық» мәдениет үйінің өнерпазы Нұржан Дәулетовтың орындауындағы «Көзімнің қарасы» әні қалың көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қоса Абай Құнанбаевтың қара сөздері екі тілде өзбек және қазақ тілдерінде жатқа айтылды. 

177 жыл бойы бірегей туындыларымен қазақ халқының даңқын әлемге таратып келген Абайдың әдеби мұрасы, озық философиялық ойлары, ұлы жасампаз идеялары – Отанға, адамға, табиғатқа, өмірге арналған биік рухани дүние, түркі халықтарының жүрегінен мәңгілік орын алған.

 

Райхан Қадірова, журналист., 2023-02-08, 03:19 1228
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.