26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
Түркістанда Орталық сайлау комиссиясы төрағасының қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті

Бүгін Түркістан қаласында 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау мәселесі бойынша ҚР ОСК мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті. Аталған шараға ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға АСК мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, БАҚ өкілдері, электоралды жаттықтырушылар, мүдделі мемлекеттік орган өкілдері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының төрағасы қатысты.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар модератор болды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіров сайлауға дайындық бойынша баяндама жасады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев облыста сайлау науқанын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталды.

«Бүгінгі күнге облыстағы 17 аудан, қала бойынша 1 миллион 168 мың 658 сайлаушы, 941 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде 6984 байқаушы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Байқаушылар ұсынатын 25 қоғамдық бірлестік аккредиттеуден өткен»,- деп атап өтті Бейсен Дәулетұлы.

Одан кейін өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарының өткізілу барысы, орын алған заңбұзушылықтар бойынша облыс прокурорының міндетін атқарушы Саян Келдібеков, «Сайлау науқаны және дауыс беру күні құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» мәселелері бойынша Түркістан облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев баяндама жасады.

Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің, 17 қала мен аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңді тап» іздеу қызметі, сондай-ақ, сайлаушыларды іздеуге арналған телеграм бот (@tur_saylaw_bot) жұмыс істейді.

Сайлау учаскелері пандустармен, қосымша жарақтандыру және тактильді белгілермен қамтылған.

Сайлау күні мүгедектігі бар адамдарға облыс көлемінде 43 инватакси және 50 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.

Қосымша қажеттілік болған жағдайда сайлау учаскелерінде демеушілер есебінен 60 көлік ұйымдастырылып, есту қабілеті нашар азаматтар үшін сайлау учаскесіне 114 ымдау тілі маманының қызметі көрсетіледі.

2023-03-11, 04:17 541
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.