26 март 2017 йил
booked.net
+12
°
C
+12°
+
Шымкент
Четверг, 06
Прогноз на неделю
1991 йил 1 апрелдан чиқа бошлаган Туркистон вилоятининг ижтимоий-сиёсий газетаси
Биз ижтимоий тармоқдамиз:
+7(7252) 53-93-17, 53-92-79. janubiy@inbox.ru
+ 7(747) 701-50-55
+ 7(747) 701-50-55
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КІТАПХАНАДАН БАСТАЛАДЫ

Тәуелсіздік – Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – еліміз үшін мерейлі меже, айтулы белес.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сайрам ауданында бір жылдың ішінде кәсіпкерлердің демеушілігімен 4 кітапхана ашылды. Жеке кәсіпкерлер Б. Жамалбеков пен Б. Турсиметовтың демеушілігімен Қарасу, Қарамұрт ауыл округтерінде жаңадан кітапхана ашылып, ал жеке кәсіпкерлер Р. Халжалилов пен И. Хайтенов өз меншігіндегі ғимараттарының бөлмелерін Қарабұлақ, Қожақорған ауыл кітапханаларына жалға ақысыз келісімшартпен берді. Барлығы кітапхана үлгісімен қайта жабдықталды. Бұрын мейрамхана болған ғимараттарда бүгінде оқырманға жағдай жасалып, қызмет көрсетілуде.

2021 жылы кітапханамыздың кітап қоры жаңа кітаптармен толықтырылды. Аудандық  бюджет есебінен 10 мыңнан аса жаңа кітап алынды. Жиһаздар жаңартылды.      

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Түркістан облысы Мәдениет басқармасының бастамасымен, Түркістан облыстық әмбебап – ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен Түркістанда» облыстық акциясын рухани керуен көшін киелі Сайрам ауданының кітапханашылары бастап барды. «Төремұратов Түркістан төрінде» атты кездесу кешінің кейіпкері Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Нұрғиса Төремұратовтың қаламынан туған жарқын кешпен жалғасын тапты. 2021 – «Балалар әдебиеті» жылы аясында, аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ертегілер еліне ертеміз» атты онлайн ертегі оқу байқауы өткізілді. Онда үздік деп танылған ертегілерді «Ертегілер еліне ертеміз» атты таспа жинағын шығарды. Таспаның тұсауын Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы, Түркістан облысы мен қаласының құрметті азаматы Жарқынбек Құлбайымбетов және ҚР мәдениет қайраткері, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева  кесті.

Білімнің шырағын жаққан ұлы ағартушы, жаңашыл педагог Ы. Алтынсариннің 180 жылдығы аясында және Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының мерейтойына орай Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Бала руханиятының алтын бесігі» атты көрме – экспозиция өткізілді.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен қаңтар айынан бастап «АУЫЛ – ЕЛ ТІРЕГІ» жобасы аясында кітапхана саласы аудандық деңгейдегі биылғы жылдың атаулы мерейтойларына арналған ірі іс-шараларды ұйымдастырды. Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар оқырмандар конференциясы, әдеби кеш, сыр-сұхбат, тарихи-танымдық кеш, поэзия кеші, мерекелік кеш, кездесу кештерін өткізді. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту етіп, Сайрам ауданында «ТӘУЕЛСІЗДІК–ТҰҒЫРЫМ» атты жаңа кітаптың тұсау кесер рәсімі өткізілді. Әріптесіміз, рухани орданың шырақшысы, кітапханашы, ақын, сазгер Роза Сандыбайқызы Әбдіжаппарованың «Күзгі әуен» атты кітабының тұсаукесері мен шығармашылығына арналған кеші өткізілді.

Мәдени іс-шаралармен қатар, рухани орданың қызметкерлері біліктілікті арттыру мақсатында 2021 жылы қазан айында Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруінің «Кітапхана ісі» бағыты бойынша Сайрам АОКЖ КММның директоры Дана Сыдықова шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасып сертификатпен оралды. 2021 жылдың 25-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «WEB-RABIS бағдарламасы: кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету» атты Алматы қаласында өткен іс-тәжірибеден кітапханашылар Умида Артыкова, Саодат Пазлиева сертификат алып келді.

Ия, кітаптың арқасында біз идеяларға, рухани және моральді құндылықтарға, сұлулықты түсіну мен адамның шығармашылық жетістіктеріне қол жеткіземіз!

Дана СЫДЫҚОВА, Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры, 2022-01-14, 03:22 73
Сўнгги янгиликлар
Мавзуга оид янгиликлар


Элбоши мактуби
Газетанинг янги сони
Хамкорлар
Газета тарихи Давлат хариди Тахририят
Манзилимиз: 16000, Шимкент шаҳри, Диваев кўчаси, 4-уй, 4-қават.
Газета ҚР Маданият ва ахборот вазирлиги томонидан 2010й.26майда рўйхатга олиниб.10957-Г гувоҳнома берилган.
Муассис--Туркистон вилояти хокимлиги.
Ношир--"Жанубий Қозоғистон"вилоят ижтимоий-сиёсий газетаси таҳририяти масъулияти чекланган биродарлиги.
©Нашримиздан кўчириб босилганида "Жанубий Қозоғистон газетасидан олинди", манбага юкланиши шарт. Ахборотдан парча олинганда ҳам ҳавола келтирилиши шарт. Ёзма рухсат берилмаса,материалларни тижоравий мақсадларда қўлланиш ман этилади. Барча ҳуқуқлар ҳимояланган.
©Мулк эгаси-"Жанубий Қозоғистон"газетаси.